Түркістан облысында полиция дүкеннен бірнеше телефон ұрлаған күдіктіні ұстады
Түркістан облысында полиция дүкеннен бірнеше телефон ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сайрам ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен сауда орталығында болған ұрлық қылмысын ашты. Яғни телефон мен қолсөмке ұрлаған 23 жастағы күдіктіні полиция дер кезінде анықтап, қылмыстық іс қозғады.
Белгілі болғандай, күдікті жігіт ұрлық қылмысын алдын ала жоспарлы түрде ұйымдастырған. Ол таңғы сағат 04:00 шамасында дүкенге терезе арқылы кіріп, сатылымда тұрған төрт телефон мен қолсөмкені жымқырып, сатып жіберген.
Ол бұл қылмысқа қарыздарынан құтылу үшін барған. Полицейлер сатылып кеткен телефондарды анықтап, заңды иесіне тапсырды. Қазіргі таңда күдікті жігіт қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.