Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция дүкеннен ер ұрлаған күдіктіні анықтады

Түркістан облысында полиция дүкеннен ер ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұрлық қылмысына қатысы бар күдікті ер адамды анықтады. 

Белгілі болғандай, 46 жастағы ер адам ұрлық қылмысын алдын ала жоспарлы түрде ұйымдастырған. Ол таңғы сағат 4:00 шамасында ет дүкеніне есігінің сындыру арқылы ішке кірген. Содан тоңазытқышта тұрған қазы мен еттерді және кассада тұрған ақшаны жымқырған. Жәбірленушіге 500 мыңға жуық шығын келтірген. 

Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру