Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр

Түркістан облысында полиция экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру шеңберінде және ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері экстремизмнің алдын алу және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Іс-шара барысында полицейлер діни әдебиеттер мен діни заттарды сатумен айналысатын облыс орталығының сауда орындарына арнайы барды. Онда сатушыларға заңнама нормаларын түсіндіріп, діни өнімді өткізу ережелері туралы ескертті.

Тәртіп сақшылары діни әдебиеттерді, ақпараттық материалдарды, сондай-ақ діни мақсаттағы заттарды сатуға тек ғибадат орындарында, діни білім беру ұйымдарында және осы үшін арнайы бөлінген орындарда ғана рұқсат етілетінін атап өтті.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері тұрғындармен қоғамдық орындарда және мешіттерде кездесулер өткізіп, заңды сақтау керегін, оның ішінде интернет және әлеуметтік желілер арқылы жасалған құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы өкілдерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыруға, полицияға деген сенімді нығайтуға және құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру