Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция есірткі қылмысының жолын кесті

Түркістан облысында полиция екі апта ішінде 11 есірткі қылмысының жолын кесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының аумағында "Қарасора — 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында полиция департаментінің қызметкерлері 21 мыңнан астам ауланы, шаруашылық құрылыстарды, өнеркәсіптік нысандар мен егістік алқаптарын тексерді. Нәтижесінде полицейлер екі апта ішінде есірткіге байланысты 11 қылмыстың жолын кесті. Заңсыз айналымнан 705 келіден астам марихуана, 260 келіден астам көкнар және аңшы мылтығы тәркіленді. Сондай-ақ есірткі қылмысын жасаған күдіктілер ұсталды. 

Бүгінгі таңда аталған 11 қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Мәселен жедел уәкілдер "Қарасора" іс-шарасы барысында Созақ ауданында құрамында есірткі заты бар өсімдіктердің ірі плантациясын тапты. Күдікті ретінде Қызылорда облысының екі тұрғыны және Шымкент қаласының бір тұрғыны ұсталды. Олардан 900-ден астам қарасора және 260-қа жуық көкнәр түптері, тіркелмеген мылтық тәркіленді. Қазіргі таңда осы факт бойынша тергеу жүргізілуде. 

Полицейлер есірткінің заңсыз айналымына және құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіруге байланысты қылмыстардың жолын кесуге бағытталған мұндай шаралар әрі қарай жалғасатынын атап өтті. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру