Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция есірткі жасырып кетушіден мефедрон тәркіледі

Түркістан облысында полиция есірткі жасырып кетушіден мефедрон тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ордабасы ауданының полициясы синтетикалық есірткі тасымалдаушының қылмысына тосқауыл қойды. 

Нақтырақ айтсақ полицияның жүргізген жедел әрекеті арқасында Шымкент – Самара тас жолында күдікке ілінген Hyundai Tucson көлігі тоқтатылды. Жедел уәкілдер тінту кезінде, жүргізуші орындығының оң жағындағы шынтақтірегішінен полиэтилен пакет тапты. Пакетті тексеріп, қарау барысында 47 дана мефедрон орамасы тәркіленіп алынды. 

 Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары атқарылуда. 

 Күдікті қамауға алынып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру