Түркістан облысында полиция интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған іс-шара өткізді
Түркістан облысында полиция интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған іс-шара өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қаласындағы Түркістан арена стадионында "Ордабасы" мен "Ақтөбе" командалары арасындағы футбол матчы өтті. Іс-шара барысында Түркістан облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.
Полиция футбол сүйер қауымға интернет-алаяқтықтың ең көп таралған түрлері туралы және алаяқтардың құрбаны болмау үшін қандай сақтық шараларын қолдану керектігі туралы айтты. Сондай-ақ олар арнайы бейнероликтер көрсетіп, көрермендерге интернет-алаяқтықтан қалай құтылуға болатыны туралы мыңнан астам жадынама таратты.
Тәртіп сақшыларының акциясын танымал футболшылар, оның ішінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген қолдады.
— Құрметті азаматтар! Полиция департаменті ескертеді: заманауи алаяқтардың қулықтарына түсіп қалмас үшін әрбір күмәнді қоңырауға, sms-хабарламаға немесе жарнамаға мұқият болуға шақырамыз. Естеріңізге сала кетейік, банк қызметкерлері сіздің телефоныңызға түскен карта нөмірін және құпия sms-кодтарды сұрамайды. Сақ болыңыз!, — деп атап өтті ол.