Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған онлайн-кездесулер өткізді

Түркістан облысында полиция интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған онлайн-кездесулер өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында Түркістан облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында бірқатар онлайн-кездесулер өткізді. Шараға  3 мыңға жуық денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары, сондай-ақ 4 мыңнан астам педагог пен медицина қызметкерлері қатысты. 

Негізгі мақсат — қатысушыларды интернет-алаяқтықтың түрлерін айта отырып, соның ішінде жасанды интеллектті пайдалану, жалған инвестициялық платформалар, әлеуметтік желілердегі жалған ұтыс ойындары, фишингтік сілтемелер және жұмыс ұсыныстары мен жеңіл табыс көздері бойынша алаяқтық жолдарын айтып таныстыру және оларға қарсы тиімді сақтану шараларын түсіндіру.

 Кездесу барысында полицейлер интернет алаяқтық барысында  адамдар  оңай ақша табамын деген сылтаумен алдаудың кең таралған схемалары, дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығы, күдікті сілтемелер мен хабарламалардан қорғау тәсілдері туралы айтты. Сондай-ақ алаяқтық жағдайында қалай және қайда жүгіну керектігі туралы ұсыныстар берді. 

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбында  пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік алды. Жиналғандардың өзекті сұрақтарына киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Шакім егжей-тегжейлі жауап беріп, азаматтардың алаяқтықпен күреске белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Тәртіп сақшылары атап өткендей, мұндай іс-шараларды өткізу халық арасында киберқауіпсіздік деңгейін арттыруға, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға және интернет-алаяқтықтың алдын алуға ықпал етеді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру