Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция көктайғақта қалған жүргізушіге жедел көмек көрсетті

Түркістан облысында полиция көктайғақта қалған жүргізушіге жедел көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа райының күрт өзгеруіне, қардың қалың жаууына және автожолдарда көктайғақтың қалыптасуына байланысты Мақтаарал ауданында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Тәртіп сақшылары тәулік бойы жол жағдайын бақылап, жүргізушілерге қажетті көмекті уақытылы көрсетіп жатыр.

Осы ретте ауа райының қолайсыздығы салдарынан жол жиегіне шығып кеткен Audi-100 маркалы автокөліктің жүргізушісіне учаскелік полиция инспекторлары жедел түрде көмек көрсетті. Полицейлер жағдайды жылдам бағалап, автокөлікті қауіпсіз жерге шығарып, жүргізушінің әрі қарай сапарын жалғастыруына ықпал етті. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі таңда аудан аумағындағы автожолдарда патрульдеу жұмыстары күшейтіліп, қауіпті учаскелерде жол қозғалысын реттеу және профилактикалық шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге ауа райына байланысты қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, жол үстіндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға басымдық беріп отыр.

Полиция қызметкерлері барша жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты асырмауды, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, көлік құралдарының техникалық жай-күйіне мән беруді және ауа райы қолайсыз кезде алыс жолға шықпауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру