Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция мас күйде дүкенге ұрлыққа түскен күдіктілерді анықтады

Түркістан облысында полиция мас күйде дүкенге ұрлыққа түскен күдіктілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен 25-26 жастағы жігіттерді қолға түсірді.

Белгілі болғандай, екі күдікті мас күйде түнгі уақытта ішімдік алмақ болып, жол бойында орналасқан дүкендердің біріне ұрлыққа түскен. Яғни, дүкеннің құлпын бұзып кіріп, спирттік ішімдіктерді жымқырған. Осыдан соң қылмыстарын әрі қарай жалғастырып, алдымен кассадағы ақшаны, содан соң өздеріне қажетті азық-түліктерді алып кеткен.

Шығын көлемі – 1,5 миллион теңге.  

Қазіргі таңда екі күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру