Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция медициналық мекемелердегі қауіпсіздік шараларын күшейтті

Түркістан облысында полиция медициналық мекемелердегі қауіпсіздік шараларын күшейтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында полицейлер емделушілер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда. 

Осы орайда ҚР Ішкі Істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, өңірдің медициналық мекемелерінің қабылдау бөлімшелерінде полицейлердің кезекшілігі ұйымдастырылды. Бұл қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. 

Кезекшілікке келген әрбір полиция қызметкері смарт-бейнежетонмен жабдықталған және төтенше жағдайларда іс-қимыл бойынша нұсқамадан өтеді. Бұдан басқа, алдағы уақытта  облыстың 58 денсаулық сақтау мекемесінде бейнебақылау жүйесін полиция департаментінің жедел басқару орталығымен біріктіру жоспарлануда.  Бұл бастама құқықтық тәртіпті сақтауға және тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. 

Полицейлер "Заң мен Тәртіп" қағидаты шеңберінде медициналық мекемелерде қабылданатын алдын алу шаралары қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етуге және азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасайтындарды қорғауға, сондай-ақ полицияға деген сенімді нығайтуға бағытталғанын атап көрсетеді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру