Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция мен білім саласы өкілдері мектептердегі қауіпсіздікті ЖБО камералары арқылы бақылады

Түркістан облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығына білім саласының қызметкерлері мен ата-аналар арнайы келіп, мектептердегі қауіпсіздік шараларымен танысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында полиция қызметкері Самат Дүкенов қонақтарға жедел басқару орталығындағы камералар арқылы білім беру ұйымдары аумағындағы және ғимарат ішіндегі оқиғаларды тәулік бойы бақылауға болатынын жеткізді. Ол сондай-ақ аталған жүйелер құқық бұзушылықтардың алдын алуға, күмәнді жағдайларды жедел анықтауға және полиция қызметкерлерінің уақтылы әрекет етуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен қатар бұл шаралар оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздігін арттыруға, төтенше жағдайлар кезінде жедел шешім қабылдауға септігін тигізетініне сенім білдірілді. Кездесу соңында ата-аналар мемлекет тарапынан балалардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру