Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция мыңнан астам қарасора мен көкнар түптерін тәркіледі

Түркістан облысында полиция мыңнан астам қарасора мен көкнар түптерін тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Созақ ауданының таулы аймағында құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді егудің ірі плантациясы анықталды.

Нәтижесінде Қызылорда облысының екі тұрғыны және Шымкент қаласының бір тұрғыны қылмыс орнында ұсталды.

Анықталған орнынан күтіп-бапталған 900-ден астам қарасора және 260-қа жуық көкнар есірткі өсімдіктері мен тіркелмеген қару тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі өсімдіктердің салмағы 700 келіні құрады.

Аталған факті бойынша фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда, анықталған дерек бойынша қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру