Түркістан облысында полиция нашақорлыққа қарсы фестиваль өткізді
Түркістан облысында полиция нашақорлыққа қарсы фестиваль өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, әкімдік және Кентау қаласының полиция бөлімімен бірлесіп, нашақорлықтың алдын алу бойынша "Хан Fest" жастар фестивалін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты-жастардың коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өзара іс-қимылын арттыру, психикалық денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау, құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу.
Шара барысында полицейлер мен жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысушыларға табыс тілеп, жол қозғалысы ережесін сақтау мен балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескертті. Жарыс бірнеше кезеңдерде өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша I орынды "Қаратау" командасы, II орынды "Eco Unite" командасы, ал III орынды "Eagles" командасы жеңіп алды. Барлық қатысушылар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды иеленді.
Фестиваль соңында дарынды жастар домбыра тартып, ән шырқап, шығармашылық шеберліктерін көрсетті. Іс-шара достық атмосферасында өтті және барлық қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.