Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция оқушыларға алаяқтардан қорғану тәсілдерін түсіндірді

Түркістан облысында полиция киберқауіпсіздіктің алдын алу бойынша оқушылармен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Профилактика жылы" және "Заң мен Тәртіп" қағидатын ілгерілету аясында Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кентау қаласы жанында орналасқан "Үркер" жазғы сауықтыру лагерінде ауқымды кездесу өткізді.

Полиция қызметкерлері іс-шараға қатысқан 800-ге жуық оқушыға қаржылық қауіпсіздік және интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша сабақтар өткізді. Балаларға алаяқтықтың кең таралған түрлері, қылмыскерлердің қалай әрекет ететіні, сондай-ақ олардан қорғану тәсілдерін түсіндірді.

Сонымен қатар оқушыларға цифрлық және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ескертулер мен егжей-тегжейлі ұсыныстары бар ақпараттық жадынамалар таратылды. Полиция қызметкерлері интернеттегі алаяқтықпен байланысты қауіптер туралы хабардар болудың маңыздылығын және онлайн кеңістікте сақтық шараларын сақтау қажеттілігін атап өтті.

Полицейлер бұл профилактикалық іс-шаралар жастар арасындағы құқықтық және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға және оларды интернеттегі ықтимал қауіптерден қорғауға бағытталғанын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру