Түркістан облысында полиция профилактикалық шараларды күшейтті
Түркістан облысында полиция профилактикалық шараларды күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық бұзушылықтың кез келген түріне тосқауыл қою, ірілі-ұсақты қылмыстың алдын алу, қиын жағдайға тап болған жандарға көмекке келу – Түркістан облысы полициясының тәулік бойы атқаратын жұмысы. Осы орайда полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаевтың қатысуымен Жетісай ауданында профилактикалық шаралар жүргізілді. Нәтижесінде бірқатар құқық бұзушылықтарға тосқауыл қойылды.
Профилактикалық есепте тұратын азаматтар мекенжайлары бойынша тексеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзудың 227 жайтының алдын алды. Айыптұраққа 71 автокөлік қойылды.
Өз кезегінде полицейлер рейд барысында жүргізушілермен және жолаушылармен тілдесті. Оларға заң аясында түсіндірмелер жүргізді. Сонымен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуші сақшылардың көліктері мен қызмет атқару барысы да назардан тыс қалмады.
Учаскелік полиция инспекторлары тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында рейдтік шараларды күшейтті. Аудандағы пробациялық есепте тұратындар, аймақта жүрген шетелдіктердің өздеріне белгіленген талаптарды сақтауы бақылауға алынды. Халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау жолында атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта барлық аудандара жүргізілетін болады.