Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция қарт тұрғыннан арқардың мүйіздерін тәркіледі

Түркістан облысында полиция қарт тұрғыннан арқардың мүйіздерін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 69 жастағы қарт адамды қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін ұстады.

Полицейлер Бәйдібек ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде, түрлі калибрлі 100-ге жуық патрон, 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, белгісіз жануардың мүйіздері мен алдын ала болжам бойынша арқардың еті, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелерді тауып тәркіледі. 

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру