Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізуде

Түркістан облысында полиция құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және талаптардың сақталуын бақылау бойынша республикалық және облыстық маңызы бар трассаларда күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда. 

Жұмыс барысында жүргізушілерден жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының бар-жоғын тексеріп, багажды заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау мен жүргізушілердің жолдарда техникалық байқаудан өтуін және қауіпсіздіктің сақталуын қадағалауды жүзеге асырды.

Тәртіп сақшылары іс-шараның бір тәулігінде Түркістан қаласының аумағында 40-тан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті. Атап айтқанда жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 4 фактісі, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың 3 фактісі және міндетті техникалық байқаудан өтпеудің 4 фактісі, міндетті сақтандыру полюсі жоқ 2 факті және қауіпсіздік белдігін тақпаған 12 жүргізушіні анықтады.

Мәселен полиция қызметкерлері Түркістан қаласы Отырар көшесінің бойында Mercedes Benz 212D автокөлігін тоқтатты. Тәртіп сақшылары жүргізушіге қатысты жүргізуші күәлігінің санаты сәйкес еместігі анықталып, әкімшілік хаттама түзіліп, автокөлік айыптұраққа қойылды. 

Тәртіп сақшылары қазіргі таңда жүргізушілер мен жолаушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жолаушылар тасымалы саласындағы ережелерді сақтау қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондықтан полицейлер жүргізушілер мен облыс тұрғындарын жолда мұқият және жауапты болуға шақырады.

Жауап қалдыру