Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция қылмыстың алдын алу бойынша жадынамалар таратты

Түркістан облысында полиция қылмыстың алдын алу бойынша жадынамалар таратты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында облыс орталығының тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ұйымдастырушылар көшелерде және қоғамдық орындарда, вокзалдарда, сауда нүктелерінде, автожолда мен туристік аймақтарда азаматтармен тілдесіп, тәртіп сақшылары тарапынан қандай да бір заңсыз әрекеттер, құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда хабарласуға болатын сенім
телефондары көрсетілген жадынамалар таратты.

Мұндай іс-шаралар полиция жұмысының ашықтығын арттыруға ықпал етеді және азаматтармен
кері байланысты жеңілдетеді. Сондықтан сіз қылмыстың немесе заңсыз әрекеттердің құрбаны не куәсі болсаңыз, мына телефондарға хабарласыңыз: 102 - шұғыл шақыру; 1402 - ІІМ сенім телефоны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру