Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция қызметкері рекорд орнатты

Түркістан облысында салауатты өмір салтын ұстанған тәртіп сақшысы қазақ күресінен жүлдегер, ҚР чемпионатында белдескен, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке қарсаңында Түркістан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Парасат Жолдасбек өзінің ерекше қабілетті, өте шымыр, күш атасын танымас мықты екенін дәлелдеді. Яғни 10 келі болатын гантельді ұстап, 1 минутта 30 рет бір аяқпен отырып-тұрып, Қазақстанның рекордын орнатты. Бұл көрсеткіш еліміздің рекордтар кітабына енді. 

Жеңімпаз полицей бұл — күнделікті қызмет барысында тұрақты түрде атқарылатын дайындықтар мен жаттығулардың көрсеткіші деп біледі. Болашақта әлем рекордын орнатуды жоспарлаған ол жеңісін Отан қорғаушылар күніне арнады.

Айта кетсек, полицей Парасат биыл Түркістан облысының “Ауыл fest” ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыста қошқар көтеруден жүлделі ІІІ орынды иеленген. Түркістан қаласында өткен Наурыз тойында 130 келілік бөренені қиналмай көтеріп, ІІІ орынды қанжығалады. Салауатты өмір салтын ұстанған тәртіп сақшысы қазақ күресінен жүлдегер, ҚР чемпионатында белдескен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру