Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция қызметкерлері бір күнде халыққа 30 мың жадынама таратты

Түркістан облысында полиция қызметкерлері бір күнде халыққа 30 мың жадынама таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері ҚР ІІМ-нің «Профилактика жылы» деп белгілеуінен бастап, алдын алу іс-шараларын күшейтті.

Мәселен облыс сақшылары бір күннің ішінде алаяқтардан сақтану тәсілдері жазылған арнайы 30 мың жадынаманы халыққа таратты. Адам көп шоғырланған аумақтарға барып, киберпол қызметкерлері кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар мектептерге барып және үлкен сахналарға шығып, тұрғындарды жинап, профилактика бағытындағы бейнероликтерді көрсетті.

Мұндай шаралардың мақсаты халық арасында алаяқтардың іс-әрекетін әшкере етіп, алаяқтық қылмыстарын болдырмау және алдын алу.

Сондай-ақ облыстағы маңызды орындарда орналасқан 50 LED-экран мен 60 билбордқа интернет-алаяқтық қылмыстарының жаңа түрлері бойынша бейнероликтер жарияланды.

Бұл деген сөз тәртіп сақшылары интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізе отырып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға көптеп көмек беріп жатқандығының бір дәлелі. Алдағы уақытта да бұл шаралар қарқынды түрде жалғасын таба бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру