Түркістан облысында полиция қызметкерлері ІІО ардагерін құттықтады
Түркістан облысында полиция қызметкерлері ІІО ардагерін құттықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында ішкі істер саласында еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ішкі істер органдарының ардагеріне құрмет көрсетілді.
Атап айтқанда, Түркістан облысы ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы М.Асқаров, Түркістан облысы бойынша ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев және Түркістан қалалық ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Сансызбаевтар ІІО зейнеткері Төлеген Кизбаевтың шаңырағына барды.
Милиция старшинасы Төлеген Тұрсынбайұлына Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлес қосып, пайым-парасаттың үлгісін танытып, өсіп келе жатқан жас мамандарды тәрбиелеуде атқарған қызметі үшін департамент бастығының алғыс хаты мен сыйлығы табыс етілді.
— Бізді елеп-ескеріп, мейрамда құттықтап келгендеріңе алғысымыз шексіз. Сендерге біздің жолымызды берсін. Жұмыстарыңа сәттілік тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңда әрқашан қуаныш болып, елімізде өз ісіне адал азаматтар көбейе берсін, — деп ардагер ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.