Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер колледж студенттерімен нашақорлықтың алдын алу жөнінде кездесу өткізді

Түркістан облысында полиция қызметкерлері колледж студенттерімен нашақорлықтың алдын алу жөнінде кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы департамент жанынан құрылған өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес мүшелерімен бірлесіп, Кентау қаласындағы №7 техникалық колледжде нашақорлықтың алдын алу мақсатында студенттермен кездесу ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға 150-ге жуық жас қатысты. Кездесу барысында полиция қызметкерлері мен сала мамандары есірткі мен психотроптық заттардың адам денсаулығына тигізетін зияны туралы жан-жақты түсіндіріп, олардың заңсыз айналымы – қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін атап өтті.

Сондай-ақ студенттерге нашақорлықтың салдарын бейнелейтін профилактикалық бейнероликтер көрсетілді. Кездесу барысында жастар өз ойларымен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, есірткіге деген теріс көзқарастарын білдірді.

Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үндеумен қатар, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған және жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру