Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция қызметкерлері Конституция күнін салтанатты шарамен атап өтті

Түркістан облысында полиция қызметкерлері Конституция күнін салтанатты шарамен атап өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Түркістан облысы полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік жиын өтті. Шараға департамент бастығы Мұрат Қабденов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрам қатысты.

Салтанатты шара мемлекеттік Туды құрметпен алып кіруден басталып, Қазақстан Конституциясының 30 жылдық тарихын бейнелеген театрландырылған қойылыммен жалғасты. Сонымен қатар Ата Заңның маңызын айшықтайтын арнайы бейнеролик көрермен назарына ұсынылды.

Облыстың бас полицейі жеке құрам мен ардагерлерді мерекемен құттықтап, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы адал еңбектері үшін алғыс білдірді және алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі. Мерекеге орай үздік қызметкерлерге марапаттар табысталды.

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция майоры А. Бадамбаев "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. Сондай-ақ полиция подполковниктері С. Будеев, Е. Тәжі және полиция майоры Е. Опабеков "Ішкі істер органының үздігі" төсбелгісін иеленді.

ҚР ІІМ грамотасы полиция подполковнигі Н. Дулат, полиция майорлары Б. Туреханова, Б. Джакбеков, полиция капитаны Ә. Жолдасқызына табысталды. Ал ҚР ІІМ Алғыс хатына полиция майоры М. Сапарбеков, полиция капитандары М. Жаушыбек, Е. Пердебай, полиция аға лейтенанты М. Жанаев лайық деп танылды.

Бұдан бөлек, полиция департаменті бастығының бұйрығымен қызметтік міндетін абыроймен атқарған қызметкерлер мен ішкі істер саласының дамуына үлес қосқан ардагерлер де құрметке бөленіп, алғыс хаттармен марапатталды.

Мерекелік шара соңында өнерге бейім тәртіп сақшылары мен кәсіби әншілер сахна төрінде патриоттық әндер орындап, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру