Түркістан облысында полиция қызметкерлері сенбілікке қатысты
Түркістан облысында полиция қызметкерлері сенбілікке қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысының тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу бастамасы аясында Түркістан облысының полицейлері облыстың барлық ауданында сенбілік ұйымдастырды.
Бұл іс-шара іргелес аумақтарды тазалауға ғана емес, сонымен қатар экология мәселелерге, көшелер мен қоғамдық орындардағы тазалықты сақтаудың маңыздылығына бағытталған.
Сенбілік Отырар, Жетісай, Түлкібас, Мақтарал, Созақ, Қазығұрт және басқа да қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде өтті.
Тәртіп сақшылары қоқыстарды жинап, жасыл желектерге күтім жасау жұмыстарын жүргізді. Ағаштарды ақтап, аулаларды тазартты.
Полицейлер азаматтарға аумақты тазалауды, табиғатқа ұқыпты қарауды ескертеді. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.