Түркістан облысында полиция шетелдік студенттерге көші-қон заңы бойынша түсіндірме жүргізді
Түркістан облысында полиция шетелдік студенттерге көші-қон заңы бойынша түсіндірме жүргізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Аида Смағұл Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің шетелдік студенттерімен кездесу өткізді.
Мақсат — шетелдік студенттерге Қазақстан Республикасында болу тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттерін жан-жақты түсіндіру. Осы бағытта студенттерді қызықтырған сұрақтарға нақты жауап берілді. Өзге елде жүріп, білім алып жатқан студенттер болса, полиция тарапынан берілген құқықтық кеңестер үшін ризашылықтарын білдірді.
Сондай-ақ шетелдіктердің болу тәртібін қамтамасыз ету мақсатында көші-қон полициясы басшылығы, деканат және халықаралық қатынастар бөлімі арасында білім жүйесін цифрландыру ұсынылды.
Бұл алдағы уақытта профилактикалық шараларды дер кезде ұйымдастыруға, олармен көші-қон заңнамасын сақтауын бақылауға ықпал ететін іс-шара болмақ.
Айта кетсек, көші-қон қызметімен Қазақстан Республикасынан кеткен және оқу орнынан шығарылған 21 шетелдік студент анықталған. Қазіргі сәтте олардың барлығының болу мерзімі қысқартылып отыр.