Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция соңғы қоңырау кезінде сақталуы керек қауіпсіздік шараларын түсіндіруде

Түркістан облысында полиция соңғы қоңырау кезінде сақталуы керек қауіпсіздік шараларын түсіндіруде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында полиция қызметкерлері “Соңғы қоңырау” іс-шарасы кезінде күшейтілген күн тәртібінде жұмыс атқарады. Осыған байланысты полиция басшылығы арнайы мектептерді аралап, болуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Мәселен жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ермек Усербаев бастаған полицейлер №34 мектептің оқушыларымен кездесу өткізді. Жасөспірімдерге көліктерді жалдап түнгі уақытта шығуға тыйым салынатынын ескертті.

Сонымен қатар әкімшілік кодекске жаңадан енгізілген баптармен таныстырды. Яғни алдағы уақытта жолаушыларды көлік құралының салонынан тыс тасымалдау, сол сияқты олардың көлік құралы жүріп келе жатқанда оның терезелері мен люктерінен денесін шығаруына, есікті ашуына жол бергені үшін жүргізушілер мен заң бұзған жолаушыларға жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. 

Одан бөлек оқушыларға белгіленбеген жерлерге суға түсуге болмайтыны және жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігі айтылып, арнайы түсірілген бейнероликтер көрсетілді.

Өз кезегінде мектеп оқушылары мен ұжымы тәртіп сақшыларының олардың қауіпсіздігі үшін алаңдаушылық танытып, маңызды кездесу өткізгені үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру