Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция студенттерді салауатты өмірге бастады

Түркістан облысында жастарды зиянды әдеттерден сақтандыруға арналған мазмұнды әрі әсерлі мәдени-профилактикалық іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы студенттерді театр сахнасындағы тағылымды қойылымға апарып, өнер арқылы саналы таңдау жасауға үндеді.

Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театрында көрнекті драматург Рахымжан Отарбаевтың "Нашақор жайлы новелла" атты әлеуметтік драмасы сахналанды. Қойылымды 100-ден астам студент тамашалап, сондай-ақ есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі профилактикалық кеңес мүшелері де қатысып, есірткінің адам тағдырына, отбасы мен қоғамға тигізетін ауыр зардабын көркем образдар арқылы терең сезінді.

Спектакль барысында нашақорлықтың адам өмірін тығырыққа тірейтін қауіпті жол екені әсерлі сахналар арқылы көрсетіліп, көрермендер салауатты өмір салтын таңдауға шақырылды.

Мұндай форматтағы іс-шаралар полицияның жастармен жұмыс жасауындағы тиімді әрі заманауи тәсілі болып табылады. Ол тек құқық бұзушылықтың алдын алуға ғана емес, жас ұрпақтың санасында жауапкершілік пен өмірге дұрыс көзқарас қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру