Түркістан облысында полиция тасжолдарда профилактикалық шаралар жүргізді
Түркістан облысында полиция тасжолдарда проилактикалық шаралар жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында полицейлер "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру және "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасын шеңберінде есірткі қылмыстарының жолын кесу және жол-көлік оқиғаларының алдын алуды қоса алғанда, бірнеше бағыттар бойынша белсенді профилактикалық жұмыс жүргізуді жалғастыруда.
Атап айтқанда, Түлкібас ауданында тәртіп сақшылары республикалық маңызы бар трассаларда күшейтілген режимде рейдтік іс-шара жүргізуде. Шара барысында жүргіншілердің кіріп-шығуын бақылау үшін жылжымалы блокпосттардың жұмысы ұйымдастырылды. Бұл есірткінің заңсыз әкелінуін анықтау және жолаушылардың қауіпсіздігін сақтауда жедел ақпаратты пысықтайды.
Сонымен қатар, жолдардағы апаттылықты азайту және жолаушылардың жол ережелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жолдарды тарылту әдісі қолданылады. Тарылған жерде жүргізушілер жылдамдықты автоматты түрде төмендетеді және мұқият болады.
Өз кезегінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін сақтау тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бейнероликтер мен QR-кодтары бар жадынамалар таратты.
Полиция барлық жолаушыларды Түркістан облысының жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлесіп жұмыс жүргізуге, жолда аса мұқият және жауапты болуға шақырды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.