Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция үй ұрысын ұстады

Түркістан облысында полиция үй ұрысын ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында Ордабасы ауданының полиция қызметкерлері бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен жас жігітті ұстады. Күдікті көрші үйде ешкім жоқ екенін байқайды. Содан кейін ол пластикалық терезені ашып, алтын сақинаны, күміс білезікті және Samsung телефонын жымқырып кеткен.

Келесі күні күдікті ұрланған затты базарға апарып сатып, ал қалған ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жәбірленушіге жарты миллион теңгеден астам шығын келтірілді.

Тәртіп сақшылары ұрланған заттың бір бөлігін тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарып берді. Сондай-ақ жас жігіттің тағы осындай екі ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. 

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру