Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция велосипед ұрлығын бейнекамера арқылы анықтады

Түркістан облысында полиция велосипед ұрлығын бейнекамера арқылы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері велосипед ұрлығын жасаған ер адамды ұстады.

Белгілі болғандай, кешкі сағат 19:00 шамасында жәбірленуші әкімшілік ғимараттың жанында велосипедін қалдырып, жеке шаруаларымен кеткен.

Осы уақытта белгісіз ер адам оның ақша салынған сөмкесі мен велосипедін ұрлап, оқиға орнынан "ізін суытқан". Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асады. Ал күдікті ұрланған мүлікті үйіне жасырып қойған.

Полиция қызметкерлері жедел шараларды қабылдау барысында күдіктінің жеке басын бейнекамераның көмегімен анықтады.

Сондай-ақ ұрланған мүлікті заттай дәлел ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру