Түркістан облысында полиция заңсыз сақталған қару тәркіледі
Түркістан облысында полиция заңсыз сақталған қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының полицейлері заңсыз сақталған қару, оның ішінде Ак-47 автоматын тәркіледі.
– Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Сайрам, Түлкібас және Бәйдібек аудандарында қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтады, – деп Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов брифингте мәлімдеді.
4 жергілікті тұрғынды тінту барысында АК-47 автоматы, 3 мылтық карабині, 2 аңшылық мылтық, травматикалық тапанша, түрлі калибрлі патрондар, жабайы арқар мүйізі және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді.
Қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Күдіктілер қамалды.
– Оқиғаның мән-жайы мен күдіктілердің қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қандай мақсатта сақтағаны анықталуда. Тергеу жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті Қ.Сахов.