Түркістан облысында полиция жас сақшыларға экскурсия ұйымдастырды
Түркістан облысында полиция жас сақшыларға экскурсия ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының тәртіп сақшылары "Жас сақшы" сыныбының оқушыларына Жетісай аудандық полиция бөлімінің ғимаратына арнайы экскурсия ұйымдастырды.
Оқушылар полиция ғимаратының қызмет бөлмелерін аралап көріп, оның ішінде Жедел басқару орталығы, криминалистикалық сараптама кабинеті, жауап алу бөлмелері және уақытша ұстау изоляторымен (қамаққа алынғандарды ұстау орны) танысты.
Сонымен қатар тир ату алаңында полицейлердің қарумен қалай жұмыс істейтінін тамашалады.
Экскурсия ары қарай Қ.Жандарбеков атындағы драма театр жанындағы музейде жалғасты. Мұнда жасөспірімдер құнды жәдігерлермен танысты. Бұл шара жас сақшылардың полиция мамандығына деген қызығушылықтарын арттырып, оның маңыздылығын тереңірек түсінуге жол ашты.