Түркістан облысында полиция жас сақшылармен бірге 1500 жадынама таратты
Түркістан облысында полиция жас сақшылармен бірге 1500 жадынама таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында республикалық "Қауіпсіз жол" іс-шарасы аясында кезекті профилактикалық шара өткізіліп, Сауран ауданын толық қамтыды.
Жиынға Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Е.Өсербаев, әкім орынбасары Б.Букебаев, прокурор А.Асылбеков пен Сауран аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, сондай-ақ жас сақшылар қатысты. Жол апатын болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар талқыланып, тиісті сала мамандары баяндама жасады.
Саптық жиыннан соң, полицейлер мен жас сақшылар трассаларда жүргізушілермен тілдесті. Түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында қауіпсіздік белбеуін тақпау, жол жүру кезінде ұялы телефонмен сөйлесу сияқты жол қозғалысы ережелерін бұзудың 118 жайты анықталып, 12 көлік айыптұраққа қойылды. Сондай-ақ жүргізушілерге 1500-ге жуық ескерту жадынамасы таратылды.
Іс-шараның басты мақсаты — жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауын қамтамасыз етіп, жол көлік оқиғаларын болдырмау.