Түркістан облысында полиция жастарға экскурсия ұйымдастырды
Түркістан облысында полиция жастарға экскурсия ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Кинологиялық қызмет орталығында "Заң мен Тәртіп" қағидатын ілгерілету шеңберінде Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған жастарға арналған қызықты экскурсия өтті.
Іс-шара барысында полицейлер қылмыстарды ашуға, есірткі мен тыйым салынған заттарды
іздеуге, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесетін кинолог мамандарымен қызметтік иттердің жұмысын көрсетті. Сондай-ақ кинологтар көмекші иттердің түрлі командаларды қалай орындайтынын, жасырын заттарды сәтті табатынын әдіс-тәсілдерін көрді. Ал жастар полиция мен қызметтік иттердің үйлесімді жұмысының маңыздылығына көз жеткізді. Полицейлер қызметтік иттер тек қорғаушылар ғана емес, сонымен қатар қамқорлық пен назар аударуды қажет ететін адал достар екенін атап өтті.
Кездесу соңында жастар ұйымдастырушыларға полиция мен қоғам арасындағы сенімді
нығайтатын, сондай-ақ тәртіп сақшыларының күнделікті тыныс-тіршілігімен таныстыратын танымдық іс-шара үшін алғыстарын білдірді.