Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция жол ережесін бұзған кортежді тоқтатты

Түркістан облысында полиция жол ережесін бұзған кортежді тоқтатты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлердің назарына Түркістан облысы Сайрам ауданында жол қозғалысы ережелерін бұзған бірнеше қымбат көліктер кортежінің бейнежазбасы түсті.

Тексеру нәтижесінде полицейлер Toyota, Lexus және Daewoo Nexia секілді төрт көліктің жүргізушілерін анықтады.

Құқық бұзушылар жол белгілерінің талаптарын сақтамағаны және авариялық жағдай туындатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Автокөлік мамандандырылған айыптұраққа қойылды, ал жүргізушілермен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Полиция жүргізушілер мен жолаушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру