Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" акциясын өткізді

Түркістан облысында полиция қызметкерлері "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімі "Профилактика жылы" аясында 20-дан астам адам қатысқан "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" акциясын ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамда зорлық-зомбылықсыз өмір салтын насихаттау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ қоғамның назарын осы мәселені шешуге аудару және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Акция аясында полицейлер мен бейіндік бағыттағы мамандар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері мен белгілері, құқық бұзушылық жасағаны үшін құқықтық зардаптар, психологиялық көмек көрсету тәсілдері мен дағдарыс орталықтары туралы айтып, заңгерлік кеңес беріп, азаматтардың өзекті сұрақтарына жауап берді.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және өз құқықтарын қалай қорғау керектігі туралы ақпараттық жадынамалар таратты. Акция азаматтарға қажетті ақпарат алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, зорлық-зомбылықсыз қоғам құру бағытында маңызды қадам болмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру