Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицияға 87 қару мен 700-ден астам оқ тапсырылды

Түркістан облысында полицияға 87 қару мен 700-ден астам оқ тапсырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 сәуірден бастап Түркістан облысының полицейлері «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу» акциясын өткізіп жатыр. Полицейлер облыс тұрғындарына тіркелмеген қаруларды өткізіп, сыйақы алуға болатындығын жіті түсіндірді.

Нәтижесінде тәртіп сақшыларына 11 тәулік ішінде 61 азамат өз еркімен 87 отты атыс қаруын тапсырды. Оның ішінде 74-і тегіс ұңғылы болса, 13-і ойық кіші калибрлі мылтық. Сондай-ақ 700-ден астам оқ алынды. Қазіргі уақытта мылтықтарға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қарудың техникалық жай-күйіне байланысты комиссия отырысы барысында азаматтарға ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға акция барысында заңсыз сақтаудағы қару-жарақ пен оқ дәрілерді ақшалай өтемақыға тапсыруға шақырады. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру