Түркістан облысында психолог-инспекторлар полицейлерге арнайы тренинг өткізді
Түркістан облысында психолог-инспекторлар полицейлерге арнайы тренинг өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының психолог мамандары Жанерке Ибраимова мен Сұлушаш Көшімбетова Бәйдібек ауданы полиция қызметкерлерімен кездесіп, «Жақсы лебіз» атты тренинг өткізді.
Аталмыш шара полицейлер арасындағы тәртіп пен заңдылықты, сонымен қатар жеке құрам мен басшыларының қарым-қатынасын жақсарту, моральдық-психологиялық ахуалды нығайту мақсатында өтті. Кездесу кезінде психолог полицейлер әріптестерінің қоғамдағы имиджін қалыптастыруға, жеке құрамның еліне адал қызмет етуге бағытталған құндылықтар жүйесін құруға жұмыс жасады.
Осы секілді шара Төлеби АПБ-нің қызметкерлері арасында да жалғасын тапты. Мұнда жеке құрамның жүйке-психикалық күйзеліске бейімдіктерін, суицидтік тәуекел көрсеткішін анықтау мақсатында Түркістан облысы ПД психолог-инспекторлары мен Діни басқарма қызметкерлері бірлесіп жасырын сауалнама алды.
Бұл тренингте бірнеше мәселелер қозғалды. Мұндай ерекше кездесулердің ішкі істер саласындағы қызметкерлерге берері мол. Яғни полицейлер психологтармен тілдесіп, жақсы жағынан ой түйіндейді.