Түркістан облысында психологтар полицейлерге тренинг өткізді
Түркістан облысында психологтар полицейлерге тренинг өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының инспектор-психологтарының ұйымдастыруымен кезекті жиын өтті. Аталған шараға 200-ге жуық полиция қызметкері мен департаменттің дербес, басқарма бөлімдерінің басшылары қатысты.
Мақсат – ІІО қызметкерінің жалпы стресске төзімділігін қалыптастыру, өзін-өзі реттеу дағдыларын үйрету. Аппарат қызметкерлері қатысқан семинар-тренингте Мақсат Асқаров төрағалық етті.
Аталмыш шарада Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы С.Нұрмағамбетовтың өмірі туралы қысқа метражды деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар аға инспекторы-психологы Мархабат Илесова “Ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаматтармен ұстамды қарым-қатынас қалыптастыруына психологиялық көмек” атты тақырыбында баяндама жасады.
Тренинг барысында жеке құрам қызметкерлеріне «Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау тәсілдері» атты бейнеролик көрсетіліп, «Нейро жаттығулар», «Үш есім» атты экспресс жаттығуы ұсынылды.