Түркістан облысында қоғамдық орындарды ластаған 13 мыңнан астам құқық бұзушы анықталды
Түркістан облысында жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластаған 13 мыңнан астам құқық бұзушы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері қылмыстық құқық бұзушылықпен күрестен бөлек, қоғамдық орындарды ластауға байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмауда профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Алайда тұрғындар тарапынан өзінің тұрғылықты мекенжайының тазалығына немқұрайлы қарайтын, қандай да бір қоқыс қалдығын кез келген жерге тастап, ластайтындар табылып жатады.
Мәселен, облыс полицейлері жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 баптың 1,2-бөлігімен (Ортақ пайдалану орындарды ластау) бойынша 13 213 құқық бұзушыға хаттама толтырылды. Ал тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен анықтағаны: қоғамдық орында коммуналдық қалдықтарды тастау бойынша 609 дерек, темекі тұқылын тастау – 26, қоғамдық орында мас халде жүру – 249, қайыршылық – 131, белгіленбеген орында сауда жасау – 105, қала инфроқұрылым қағидасын бұзу бойынша 109 жайтты анықтаған.
Жалпы жұртшылықтың пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды қалдырудың соңы айыппұл арқалауға әкеп соғады. Ал егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалса, тәртіп бұзушыға ірі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін.