Түркістан облысында қоршаған орта тазалығына нұқсан келтірген 700 азамат анықталды
Түркістан облысында қоршаған орта тазалығына нұқсан келтірген 700-ден астам құқық бұзушы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының полицейлері қоршаған ортаның абаттандыру қағидаларын бұзу, ортақ пайдаланатын орындарды ластау, жасыл екпелерді жою және бүлдіру заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыс жасап келеді.
Мәселен, полицейлермен осы бағытта атқарылған жұмыстың 2 тәулігінде 739 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік жауапкершілік қаралды. Атап айтсақ, тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау бойынша 11 жайт, белгiленбеген орындарда сауда жасауға қатысты 72 дерек тіркелді. Ал ортақ пайдаланатын орындарды ластау оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастауға қатысты 267 дерек анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік шара көрілді. Сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіру бойынша 194 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бүлдіруге қатысты 131 тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды.
Ескерте кетсек, облыс аумағында полиция департаментінің бастығы М.Қабденовтың тапсырмасымен 8-14 сәуір аралығында «Тазалық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Осы ретте полицейлер тәртіпке бағынып, қандай да бір заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырады.