Түркістан облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ауқымды кездесулер өтуде
Түркістан облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ауқымды кездесулер өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында ПД қызметкерлері жастар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында облысқа қарасты әр аумақта кездесулер өткізіп жатыр.
Облыста жарияланған «профилактика жылы» аясында 17 аудандағы полиция бөлімдерінің бастықтары құзыретті органдармен бірлесіп жастармен, ақсақалдармен, жергілікті тұрғындармен, мектеп ұжымдарымен, ата-аналармен және ойын-сауық мекемелерінің иелерімен кездесуде.
Бірінші кездесу Ордабасы ауданында өтті. Оған 400-ге жуық жергілікті тұрғын мен жастар қатысты. Кездесуде полиция, прокуратура басшылығы, ауыл ақсақалдары мен мұғалімдер сөз сөйлеп, өз пікірлерімен бөлісті, жастарды қолдау, идеологиялық шараларды күшейту, спорт залдарының санын көбейту және жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту бағыттарын атап өтті.
Айта кету керек, бүгінгі таңда облыста полиция кәмелетке толмағандарға қатысты 800-ге жуық құқық бұзушылықты анықтап, 500-ден астам жасөспірімді есепке алды, олармен тәрбие жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар полиция 1700 қоғамдық көмекшімен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды атқарады.