Түркістан облысында құжатсыз көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды
Түркістан облысында құжатсыз көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде Lada Granta жүргізушісі көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, көлік тізгіндегені анықталды.
Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Анықталғандай, бұл жүргізуші 2021 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жүргізуші куәлігінсіз, сондай-ақ мас күйде көлік айдамауға кеңес береді.