Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында қылмыс саны азайды

Түркістан облысында бірінші жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелері бойынша жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыс нәтижелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. Іс-шараға департамент басшылығы мен қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Кеңесте полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің төрағалығымен өткен жұмыс нәтижелері мен Қазақстан Республикасының ІІМ жариялаған Профилактика жылы мен "Заң мен Тәртіп" принципін жүзеге асыру шеңберіндегі басым бағыттар талқыланды.

Облыстың бас полицейі жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың кеңейтілген мәжілісінде айтылған негізгі талаптар мен тапсырмаларын жеткізді. Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және халықпен тиімді өзара іс-қимыл жасауға назар аудару керектігін де баса айтты.

Келесі сөз кезегін алған полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев оперативті жағдай, қылмыстық істердің тергелуі және қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы баяндама жасады. Ол сөзінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 5,9%-ға төмендегенін айтып, ауыр дене жарақаттары 4%-ға, тонау 11,8%-ға, ұрлық 34,5%-ға, пәтер ұрлығы 30,9%-ға және мал ұрлығы 32%-ға азайғанын жеткізді.

Сондай ақ есірткі тасымалдау бағыты бойынша заңсыз айналымнан полиция 260 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілегенін және екі есірткі зертхана қызметін тоқтатқанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар қоғамдық орындар мен көшелердегі, кәмелетке толмағандармен, мас күйінде және бұрын сотталғандармен жасаған құқық бұзушылық деңгейінің елеулі төмендеуі байқалатынын айтты.

Позитивті нәтижелермен қатар, жедел мәжілісте бөлімшелердің қызметіндегі бар кемшіліктер талқыланып, оларды жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Кеңес соңында ПД бастығы М.Қабденов құқықтық тәртіпті нығайту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, "Заң және Тәртіп" принципін алға жылжыту, кадрлық әлеуетті жетілдіру, цифрландыру мен сервистік модельді одан әрі енгізу, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау бойынша негізгі бағыттарды нақты белгілеп берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру