Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында рейд кезінде жылдамдықты 12 рет асырған жүргізуші анықталды

Түркістан облысында рейд кезінде жылдамдықты 12 рет асырған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апаты салдарынан трассада жолаушылар мен жүргізушілер мезгілсіз жан тапсыруда. Десе де өзгенің қателігінен сабақ алмай, жол бойында өрескел құқық бұзушылық жасайтын жүргізушілер қатары азаймай тұр.   

Мәселен күні кеше Кентау қаласынан Түркістанға бара жатқан Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі заң талаптарын елемей, қарсы жолаққа шығып кетті. Көлік иесіне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік шара көрілді. Көлік айыптұраққа қойылды.

Одан бөлек ҚОРҒАУ автоматтандырылған жүйесі арқылы 250 мыңға жуық қарызы бар Hyundai Starex көлігі анықталды. 

Белгілі болғандай, жүргізушінің берешегі жол қозғалысы ережесін сақтамағаны үшін салынған айыппұлдар. Яғни ол 12 рет жылдамдықты асырып, ереже бұзған.          

Айта кетсек, облыстық патрульдік батальон қызметкерлері мен Түркістан, Кентау қаласының полицейлері республикалық маңызы бар Түркістан – Кентау тас жолында бір нүктелік рейдтік-профилактикалық іс-шарасын өткізді. 

Басты мақсат – жол апаттарының алдын алу, жүргізушілерге профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу. 

Тәртіп сақшылары 2 тәулік бойы өткізген тексеріс нәтижесінде 300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 11 автокөлікті айыптұраққа қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру