Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында шекарадан марихуана алып өтпек болған шетелдік қамауға алынды

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қапланбек шекарасының бақылау бекетінен есірткі алып өтпек болған шетелдікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Полицейлер Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына өтіп бара жатқан Man TGX 18480 автокөлікті тоқтатты. Оны тексеру кезінде Ачи қызметтік иті белгі беріп, полицейлердің көлік жүргізушісіне деген күдігін күшейтті. Осыдан соң сақшылар тиянақты тексеру барысында жүргізушінің Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықтап, ит белгі берген көліктің тұсын мұқият қарады.

Нәтижесінде аталған жүк көлігінің құрал-саймандар салатын жәшігінің ішінен есірткіге ұқсас зат айғақ ретінде тәркіленді. Алынған затқа сараптама тағайындалып, қорытынды көрсеткендей марихуана есірткісі болып шықты.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру