Түркістан облысында сот белгілеген шектеулерді сақтамаған 50 тұрғын анықталды
Түркістан облысында сот белгілеген шектеулерді сақтамаған 50 тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің нұсқауымен облыс көлемінде 29 шілде мен 3 тамыз аралығында «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның 3 тәулігінде ішкі істер органдарында есепте тұрған 2314 тұрғын тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Нәтижесінде 50 адамның сот органдары белгілеген шектеулерді бұзғаны анықталып, шара қолданылды.
Мәселен, әкімшілік қадағалау туралы заңнаманы бұзудың 12 жайты анықталып, хаттама толтырылды. Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандар жасаған 12 құқық бұзушылық анықталды және мінез-құлқына белгіленген ерекше талаптарды бұзудың 10 жайты белгілі болды.
Полиция қызметкерлері бұл бағыттағы шаралар жалғасатынын жеткізіп, сот белгілеген шектеулерге немқұрайлы қарамауға шақырады.