Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында соттылығына қарамастан қайта қылмыс жасаған күдікті ұсталды

Түркістан облысында соттылығына қарамастан қайта қылмыс жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Онда ер адам өзіне тиесілі азық-түлік дүкеніне ұры түскенін хабарлады. Яғни, күдікті дүкеннің есігінің құлпын күштеп бұзып, заңсыз кіріп, кассадағы 30 мың теңге ақша мен бірнеше темекілерді, шоколадтарды, сондай-ақ екі садақа жәшігіндегі ішінде белгісіз шамадағы ақшаларды жымқырып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.

Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында Келес АПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған барлық қажетті шараларды іске асырды. Куәлардан сұрастырды. Бейнебақылау камералары тексерілді.

Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны тез арада полицияға жеткізді. Белгілі болғандай, ол өткен жылы дәл осындай ұрлық жасап, соттың үкімімен үш жылға бас бостандығынан шектелген жас жігіт болып шықты.

Оңай жолмен ақша табуды әдетіне айналдырған күдікті өзінің соттылығына қарамастан қайта ұрлық жасаған. Дүкеннің есігін бұзып кіріп, бөтеннің мүлкін жымқырған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру