Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тәлімгерлер кеңесінің қорытынды отырысы өтті

Түркістан облысы полиция департаментінде отставкадағы полиция полковнигі Бағлан Халықовтың төрағалығымен тәлімгерлер кеңесінің қорытынды отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шарада тәрбие және кадр жұмысы басқармасының басшысы Мақсат Асқаров тәлімгерлер кеңесінің бір жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы баяндама жасап, іс-шаралардың қорытындысы туралы бейнеролик те көрсетілді.

Сонымен қатар Түркістан қалалық полиция басқармасының аға учаскелік полиция инспекторы Төребек Омарбеков, Созақ аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Қалижан Мусәлимов және Кентау қалалық полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы Нұрлан Әбдиев жас қызметкерлерге тағайындалған тәлімгер ретінде баяндама жасап, атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы бейнероликтер көрсетті. 

Сондай-ақ іс-шарада полиция қызметкерлері арасында тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға қатысты өзекті мәселелер қызу талқыланды. Полиция қызметкерлерінің кәсіби дайындығы мен психологиялық жағдайын жақсартудағы полиция ардагерлерінің рөліне ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде  ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, құқық қорғау саласында жас қызметкерлерге игілік пен  ізгіліктің, пайым парасаттың үлгісіне танытып, өсіп келе жатқан жастарды тәрбиелеуге зор үлесін қосып, Түркістан облысы полиция департаменті қалалық, аудандық полиция басқарма, бөлімінің қызметкерлері арасында «Үздік тәлімгер» конкурсында жеңімпаз атанған  Созақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қалижан Бейсенбекұлы мен департамент бастығының грамотасымен және  «Үздік тәлімгер» вымпелімен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру