Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында танысының ақшасын жымқырған бойжеткен ұсталды

Түркістан облысында танысының ақшасын жымқырған бойжеткен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, белгісіз біреу есепшотындағы 700 мың теңге ақшасын аударып алған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, қылмыстық істі ашуға бағытталған шараларды жедел түрде жүргізді.

Орын алған қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында Төлеби АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер тыңғылықты тексеріп, куәлардан сұрастырып шықты. Нәтижесінде, полицейлер күдікті ретінде бойжеткенді анықтап, оны өз үйінен ұстады. Ол жәбірленушінің танысы, жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, жәбірленуші мен күдіктіні достары үйіне қонаққа шақырған. Сол сәтте күдікті жас қыз әлеуметтік желіге кіру үшін жәбірленушінің телефонын сұрап алған. Содан бойжеткен жігіттің есепшотындағы ақшасын көріп, арам ой туындап, өзіне аударып алған. Сондай-ақ, күдікті жас қыз жымқырған ақшаларды бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру